Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медресе мұғалімі ұстаздық тәжірибесімен бөлісті

«Үшқоңыр» медресе-колледжінің баспасөз қызметі 26.02.2020 2506 0 пікір
Медресе мұғалімі ұстаздық тәжірибесімен бөлісті

Республикалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының кәсіптік білім бөлімінде «Серпін» жас мамандар шығармашылық тобының «Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға көмектесетін оңтайлы оқу әдістері» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу семинары өтті.

60 жас маман қатысқан семинарда Үшқоңыр медресе-колледжінің арнайы пән оқытушысы, Ислам рәсімдері пәнінің мұғалімі Зарина Аманбекқызы әдіс алмасу барысындағы өзінің ұстаздық жолға келген мақсаты мен міндетін, жаңа технологияларды қолдана білуін, техникалық құралдарды тиімді пайдалана білуі барысындағы тәжірибесімен бөлісті.

Семинарда мамандарға нәтижелі сабаққа жетудегі оқытудың тиімді әдістері, білім алушылардың өзіндік ізденісін жетілдіру, электронды оқу-әдістемелік кешендерін қалыптастыру, модульді қорытындылаудағы бағалау механизмі нақты қолданыстағы тәжірибенің қорытындысы негізінде ұсынылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру