ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінен «Жамағатпен жүздесу» апталығы жарияланды.
Апталық аясында ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан аудандық мешітінде» аудан жамағатымен жүздесті. Уағыз-насихатқа аудан орталығы Зайсан қаласының тұрғындары қатысты.
Бас имам: «Ең алдымен ұлтымыздың бірлігімен мемлекетіміздің тыныштығы басты назарда болуы тиіс. Сондықтан асыл дініміздегі бейбітшілікпен татулық, ынтымақ қағидасы кең көлемде насихатталуы керек. Әр адам өз бойына рухани асыл құндылықтарды: көркем мінезбен адамгершілікті, кішіпейілдікті, қайырымдылықты дарытса кемелді тұлға болып қалыптасады» дей келе, адами құндылықтардан уағыз айтты.
Сонымен қатар жиын барысында жамағаттардың қойған өзекті сұрақтарына жауап берді. Әсіресе жат ағымдарыдң алдын алу, жастар тәрбиесі әңгіменің негізгі өзегі болды. Ермек Қасболтаұлы өз сөзінде Абай тағылымына айырықша тоқталып, ұлы ақынның өлеңдерінен оқып, оның терең тағылымдық ғибратын насихаттады. «Жамағатпен жүздесу» апталығы жалғасып жатыр.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
26.02.2020
2899
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру