Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтауда волейболдан облыс біріншілігі өтті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 26.02.2020 2355 0 пікір
Ақтауда волейболдан облыс біріншілігі өтті

ҚМДБ-ның Маңғыстау аймағы өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында волейболдан облыс біріншілігі өтті.

ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай «30 игі шара» жобасы аясында ұйымдастырылған жарысқа Маңғыстау өңіріне қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің 12 командасы қатысып, бақ сынады. Ойындар тартысты өтуімен есте қалды.

Нәтижесінде Қарақия аудандық мешітінің командасы бас жүлдені иеленсе, Жаңаөзен қалалық және Жетібай ауылдық «Сүйінғара Үргенішбайұлы» мешіттері командалары қалған жүлделі екі орынға лайық екенін көрсетті.

Жарыстан кейін арнайы жайылған дастархан басында Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жарысқа қатысушы әйел-қыздар жамағатына уағыз-насихат айтты.

Осы жарыстан жақсы әсер алып, шеберлігін шыңдаған жамағат командалары алдағы уақытта спорттық іс-шараларға жүйелі түрде белсене қатысуға ықылас танытты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру