Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы облыстық дін істері басқармасының мамандарымен бірлесіп С.Торайғыров университеті студенттерімен кездесті.
Кездесуде қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – жат ағымның алдын алу, жат ағымдардың қоғамға тигізер зардаптары жайлы жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар Отанға сүйіспеншілік, ата-ананың разылығына жету, дінді дұрыс ұстану, айналасындағылармен көркем мәміледе болу, бос уақытты тиімді пайдалану жолдары, білім алу секілді тәрбиелік мәні бар мазмұнды тақырыптар төңірегінде кең көлемде уағыз-насихат айтты. Осы тақырыптар аясында өнегелі өсиеттер, ғибратты әңгімелер, өмірлік мысалдар келтіріліп, студенттер тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға нақтылы жауап берілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
26.02.2020
2888
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру