Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Бала тәрбиесі бәрінен қымбат

Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі 25.02.2020 2301 0 пікір
Павлодар: Бала тәрбиесі бәрінен қымбат

Павлодардағы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен баланың тәрбиесіне қатысты шара өтті.

Исламның дамуы үшін жасалған үлкен қызмет – қайырлы ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан ер азаматтың шаңырағы мен бала-шағасының бақташысы болған аналарға бала тәрбиесіне байланысты пайдалы ақпараттар беру – басты міндет. Шара осы мақсатта мақсатта өткізілді.

Алдымен «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлы бала тәрбесіне қатысты уағыз-насихат айтты. Одан кейін ортаға балалар шақырылып, оларға ойын түріндегі қызықты сұрақтар қойылды. Сұраққа дәл жауап берген балаларға сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ мешіт ұстазы Тілеу Нұрила «Исламдағы бала тәрбиесі» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Логопед Айнұр Қанатбек бірнеше логопедиялық жаттығу көрсетті. Психолог Ерке Закерия баланың психологиясына тоқталып, оның әр жастағы ерекшелігіне байланысты тәрбие беру түрімен таныстырды.

Шара барысында жас аналарға көптеген құнды ақпарат берілді. Олар мамандардан бала тәрбиесіне байланысты сұрақтарына жауап алды. Шара соңында ұстаз Жадыра Бертімұрат Құран оқып, апалар жас ұрпаққа бата берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру