Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Бас имам аудан әкімімен кездесті

Өскемен аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 25.02.2020 2552 0 пікір
Өскемен: Бас имам аудан әкімімен кездесті

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Тасболатұлы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының жаңадан тағайындалған әкімі Серік Зайнулдинмен кездесті.

Бас имам С.Зайнулдиннің қызметіне сәттілік тілеп, аудандағы діни ахуал, жамағат бірлігі, мешіттердің жай-күйі жайлы пікір алмасты.

«Халықтың діни сауаттылығын арттырып, жат ағымдарға қарсы тұру, олардың алдын алу, жамағаттың бірлігін-ынтымағын бекемдеу –баршамызға ортақ абыройлы парыз. Біз, дін қызметкерлері, осы міндетті басты назарда ұстаймыз. Осы бағыттағы РАНТ, ЖАНТ  қатарлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын аудан әкімдігімен бірлесе атқарамыз деп сенемін» деп атап өтті Ермек Тасболатұлы.

Аудан әкімі өкілдікпен әркез ынтымақтастықта жұмыс жасайтынын айтып, аудандағы дін ахуалы назарда болатынын жеткізді. Кездесуге Зайсан ауданының жаңадан тағайындалған бас имамы Н.Жарасов та қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру