Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан облысындағы кәсіпорындар тексерілді

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 25.02.2020 2331 0 пікір
Түркістан облысындағы кәсіпорындар тексерілді

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Түркістан облысы бойынша жауапты өкілі Қуаныш Мәжит аймаққа қарасты сертификаттаудан өткен кәсіпорындарды аралап, айлық тексеріс жүргізуді бастады.

Алдымен Сайрам ауданы Қарасу ауылында орналасқан «Сайрам сүт» мекемесі мен Ақбұлақ ауылындағы «Хан» сүт фабрикасы тексерілді. Аталған мекемелер Түркістан аймағын ғана емес, еліміздің бірқатар өңірін сүт, айран, ірімшік, сүзбе, құрт секілді түрлі сүт өніммен қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылында орналасқан 67 түрлі шұжық өнімін өндіретін «Қарқын 2030» ЖШС-ына қарасты «Нәрлен» шұжық цехында да бақылау жұмыстары жүргізілді.

«Сайрам сүт», «Хан», «Нәрлен» мекемелеріне жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша, өндіріс барысында ҚМДБ Халал стандарт талаптары толықтай орындалатынына көз жеткізілді. Тексеріс оң нәтиже көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру