Қостанай облысы Науырзым аудандық кітапханасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ауыл ақсақалдары және мектеп мұғалімдері қатысқан дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында ауыл ақсақалдары Абайдың өлеңдерін талдап, ақынның өмір жолы мен қазақ халқына сіңірген еңбегі туралы жан-жақты хабар берді. «Түркебай» мешітінің наиб имамы Кенжеғара Әл-Фараби сөз сөйлеп, ата-бабаларымыздың діндарлығы мен даналығына ерекше тоқталды.
Жүздесуде жастардың діни сауатын көтеру жайы да әңгіме болды. Өйткені білімді жастар ешқашан да теріс ағымдар жетегінде кетпейтінін өмірдің өзі көрсетіп отыр.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
25.02.2020
3074
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру