Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайды оқы, ой толға...» атты әдеби-танымдық шара өтті.
Шараны мұражай директоры Тамара Жұмалиева құттықтау сөзімен ашып берді, ал мұражайдың ғылыми қызметкері, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлы Абай әулетінің шежіресі туралы әңгімемен бөлісті. Сондай-ақ, рухани кеште ҚМДБ-ның Маңғыстау аймағы өкілдігі бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Абай атамыздың «Қара сөздерінен» үзінді айтып берді.
Шараның мақсаты – жастардың Абай шығармаларына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлы Абайдың өсиетіне өскелең ұрпақ құлақ асса, ел болашағы жарқын болары сөзсіз, - дейді ұйымдастырушылар.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
24.02.2020
3010
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру