«Үшқоңыр» медресе-колледжінде биыл Ауған соғысының 31 жылдығына орай ардагерлемен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға колледждің «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің аға оқытушысы әрі Ауған соғысының ардагері Юсуп Сариұлы мұрындық болып, Алматы облысы, Қарасай ауданының Ауған соғысы ардагерлер қоғамының белді мүшелері шақырылды.
Олар студенттермен соғыста бастарынан кешкен зұлмат кезеңдегі естеліктерімен бөлісіп, шәкірттердің көптеген сауалдарына жауап берді. Он жылға созылған ауған жеріндегі майданға шамамен 22269 қазақстандық аттанса, оның 924-і қаза тапқан. Әр түрлі деңгейде жарақат алған із-түссіз жоғалған жауынгерлерде қаншама? Ал студенттерге ол жақта болған жайттарды ардагерлердің өз ауздарынан естудің әсері ерекше болды.
«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай, соғыс болмасын «Аға буын батыр» деп құрметтеп, қошеметтеп көрсетіп жатқан сый сияпаттарыңыз кез-келген наградадан мыңызды» деп ардагерлер ағынан жарылып алғысын білдіріп жатты.
Колледж директоры А.Амиров, директордың тәрбие және оқу-практика ісі жөніндегі орынбасарлары Б.Бердімұрат пен Б.Абдінағиұлы игі шараға келген қонақтарға алғыс білдіріп, колледж ұжымы тарапынан ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында даярланған мерекелік бағдарламалар ұсынылып, батырларымызға есте қаларлық жәдігерлер табысталды.
Шара соңында Ауған ардагерлері жастарды Отанды сүюге, досқа деген адалдыққа, тәуелсіз еліміздің бейбіт күндерінің тыныштығы мен құндылығын бағалай білуге шақырды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Үшқоңыр» медресе-колледжінің баспасөз қызметі
24.02.2020
3868
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру