Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетауда «ANSAR» еріктілер орталығы ашылды (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Ақмола облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 24.02.2020 3327 0 пікір
Көкшетауда «ANSAR» еріктілер орталығы ашылды (ФОТО+ВИДЕО)

Ақмола облысы бас имамының тапсырмасымен Науан Хазірет мешіті жанынан «Ansar» ерікті жастар орталығы ашылды.

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген облыс имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы егемен елдің жастарын игі істе бірге болуға шақырып, орталықтың ісіне береке тіледі.

Бұл орталықта жастардың бас қосып, ақыл- кеңес құруына бар қолайлы жағдай жасалған. Мұнда кітап оқу залы, әртүрлі ой сергітетін ойындар залы, мәжіліс өткізетін орын бар.

«Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл еріктілер жылы деп жарияланған болатын. Басқаға ізгі ниетін ұсынып, қайырымдылықты негіз ететін мешіттер де көп іс-шаралар атқаруға құлшыныс танытпақ. Орталықтың мақсаты – ерікті жастарды игі істерге жұмылдыру, қайырымдылыққа тарту және жастарды рухани дамыту, ең бастысы жақсылықта жарысу болмақ» - дейді орталық мамандары.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру