Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Имамдар семинар-тренингке қатысты

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 22.02.2020 2283 0 пікір
Қызылорда: Имамдар семинар-тренингке қатысты

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Дерадикалдандырудың заманауи тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар-тренирг өтті.

Өзге облыстардағы мамандармен тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген семинарға облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері мен Қызылорда қаласы мен аудандардағы ішкі саясат бөлімдерінің теолог мамандары, мешіт имамдары, теолог мамандары және Батыс Қазақстан олбысы мен Шымкент қаласының Дін мәселелерін зертеу орталықтарының теолог мамандары қатысты.

Семинар-тренингті алғы сөзімен ашып берген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Толыбайұлы шараның деструктивті діни ағымдардың алдын алуға және мемлекеттік дін саясатын түсіндіруде таптырмас құрал болатындығын жеткізсе, «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің теолог маманы Р.Сыздықов «Жалған діни уәжденген экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған базалық ақпарат» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар «Тұлғалық даму мектебі» отбасылық орталығының жетекшісі Л.Қойшиева «Діни экстремизмнің психологиялық себептері мен алдын алу» тақырыбында сөз қозғап, Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысынан келген теолог мамандар да тәжірибесін ортаға салды.

Семинар соңында қатысушылар баяндамашыларға сауал қойып, өзара пікір алмасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру