Арқалық қалалық Ішкі саясат бөлімі мен шаһардағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлы атындағы №6 мектепте «Адамның рухани құндылықтары – кемелдіктің кілті» атты кездесу өтті.
Кездесу барысында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Дархан Қосылбаев адамзатқа ауадай қажетті рухани азық жайлы сөз қозғады.
«Рухани құндылықтың қайнар көзі – иман. Ислам дінінің мөлдір бұлағы –Құран. Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғұмыры мен көркем мінезі арқылы барлық өскелең жасқа өнеге бола алады» деді ол.
Әңгімеге арқау болған өзекті тақырып шәкірттерге үлкен ой салды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
22.02.2020
3135
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру