Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Iman.kz сайты іске қосылды (фото)

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 21.02.2020 3696 0 пікір
Шымкент: Iman.kz сайты іске қосылды (фото)

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Шымкент қаласы орталық мешітінің жаңа iman.kz сайтының таныстырылымы өтті.

Сайт тұсаукесеріне Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев қатысып, әлеуметтік желінің ерекшелігіне тоқталып, сайт ұжымына шығармалық табыс тіледі.

«Ақпарат саласы күн сайын жедел дамып келеді. Біз де бұл үрдістен қалыс қалмауымыз қажет. Сондықтан жаңа сайтта жаңалықтар дер кезінде жарияланып, танымдық материалдарға көбірек орын берілуі тиіс. Сайт ұжымының жаңа бастамаларына, күнделікті жұмысына сәттілік тілеймін» деді Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы.

Сайт жұмысына тәжірибелі мамандар тартылды. Сайтта күнделікті діни жаңалықтар, мақалалар, сұрақ-жауап айдары, кітапхана, сайттың мобильді қосымшасы т.б. маңызды дүниелер қамтылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру