Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аудан имамы студенттермен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 20.02.2020 2715 0 пікір
Аудан имамы студенттермен кездесті

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы «Қабдығали ата» мешітінің бас имамы Елдос Алханұлы Үлкен Нарын агротехникалық колледжі студенттерімен кездесті.

Жиында жастарға жақында ғана қабылданған «Жеті рухани қазық» рухани тұғырнамасы таныстырылды.

«Жеті рухани қазық» – адамгершілік құндылықтарды біріктірген бірегей құжат. Осы рухани тұғырнамада көрсетілген ұстанымдарды жастар бойына сіңіре білсе, отаншыл, білімді әрі әділ болып өседі. Қазіргі таңда әр жас рухани кемел тұлға болып қалыптасса, еліміздің ертеңі де нұрлы болады» деді Елдос Алханұлы.

Ол сонымен қатар рухани тұғырнамада көрсетілген Отанды сүю қағидаларына терең тоқталып, жастарға отаншылдықтың маңызы туралы насихат айтты. Студент жастар қауымы бас имамға сауал қойып, ой-пікірлерін ортаға салды. Оқу орнының басшылығы ауданның бас имамына тәлімді кездесуі үшін алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру