ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен қалалық «Нұр» мешітінің білім алушы жамағаты арасында «Ақылдылар алаңы» атты интеллектуалды білім сайысы өтті.
Байқау Діни басқарманың 30 жылдығы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы құрметіне орай ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты – жамағат арасында білім алуды насихаттау, білімін шындауға ынталандыру, бірлікке шақыру.
Жарыс төрт кезең бойынша өтіп, жамағаттардан жасақталған 6 топ бесін, шам, құптан намаздары уақытында жүргізілген уағыз дәрістерден үйренген ақида, фиқһ негіздері, білім жайлы аят-хадистер, А.Құнанбайұлының өмірбаяны бойынша білімін ортаға салды. Сайысқа облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Ж.Маткаримов, қалалық «Сұлтан» мешітінің имамы Қ.Отызбаев төрелік етті.
Жарыс нәтижесінде І, ІІ, ІІІ жүлделі орындарды иеленген жеңімпаз топтар қаржылай сыйлықты қанжығаға байласа, барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
20.02.2020
2922
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру