Бүгін Тараз қаласында ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша өкілдігі қызметкерлерінің түсіндірмелік-профилактикалық және оңалту жұмысына әдістемелік көмек көрсетілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының елдегі қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды жұмыс бағыттарының бірі – деструктивті және радикалды діни ағымдардың идеологиясының таралуының алдын алу және осылардан зардап шеккен тұлғаларды оңалту болып табылады.
Аталған бағытта жұмысты атқаратын ҚМДБ-ның аумақтағы мамандарының арнайы біліктілігін және кәсіби даярлығын арттыруға Мүфтият тарапынан жеке назар аударылады.
Осының аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен және оның кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлының үйлестіруімен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша қызметкерлеріне арнайы семинар-тренинг өтті.
Іс-шараны тәжірибелі эксперт-мамандар, «Терроризмге қарсы комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Аманжол Оразбаев және осы бірлестіктің оқыту-әдістемелік оңалту орталығының жетекшісі Мирхат Мадияров жүргізді.
Ең алдымен мамандар имамдардың назарын медиа-сауаттылыққа және кәсіби біліктілікті үзбей көтерудің маңыздылығына аударды.
Нарративтерді тиімді пайдаланудың амал-тәсілдері түсіндірілді. Соның ішінде түсіндірмелік-профилактикалық және оңалту жұмысында қарсы нарративтермен қатар балама, яғни, альтернативтік нарративтерді тиімді пайдаланудың маңыздылығы көрсетілді.
Өз кезегінде іс-шараға имамдар да белсенді түрде қатысып, өздеріне оңалту жұмысына пайдалы әдістемелік мәліметтермен толықтай танысты.
Сондай-ақ, алдағы уақытта Мүфтият тарапынан дін қызметкерлерін әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету шаралары жүйелі түрде жүргізіліп отырады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
19.02.2020
3334
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру