Жақында Тобыл қаласы «Маңдай батыр» мешітінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының филиалында дін қызметкерлеріне арналған «Жеті рухани қазық» атты аймақтық семинары өтті.
Бұл жиынға Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет арнайы қатысып, алғашқы болып сөз алды. Ол «Жеті рухани қазық» жайында жан-жақты әңгімеледі.
Одан кейін Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бас маманы Сапарғали Абдиев қозғалған тақырып хақында пікірін білдірді.
Жиынға аймаққа қарайтын бірқатар аудандардың бас имамдары мен ауыл молдалары қатысты. Басқосуда көтерілген тақырып бойынша алдағы жұмыс жоспары құрылды.
Семинарда «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Асылхан Мұханбетжанұлы, осы мешіттің найб имамдары Азамат Мурзаканов, Медет Өтепқалиев, Қарасу және Сарыкөл аудандарының Бас имамдары Халық Абсаттаров, Нұрбол Балахметтер де өз ойларымен бөлісті.
Басқосу соңында беделді ақсақалдар қонақтар мен жиналғандарға ақ батасын берді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
19.02.2020
2653
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру