Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңаөзенде имамдардың көшпелі жиналысы өтті

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.02.2020 3060 0 пікір
Жаңаөзенде имамдардың көшпелі жиналысы өтті

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына қарасты «Әбіш Қожа» мешітінде Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен имамдарға арналған көшпелі жиналыс өтті.

Басқосуға Маңғыстау облысының бас имамы Елжанов Әнуар Ізімбайұлы мен орталық мешіт қызметкерлері және Маңғыстау облысы мешіттерінің бас имамдары, наиб имамдары, іс жүргізушілері және азаншылары қатысты.

Жиында ҚМДБ «Балаби қари» қарилар дайындау орталығының директоры, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Арман Қуанышбаев облыс имамдарына уағыз айтудың заманауи әдіснамалары бойынша дәріс жүргізді.

Одан бөлек ҚМДБ және Маңғыстау облыстық орталық мешіті тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысына талдау жасалып, дін қызметкері мен жамағаттың арақатынасы, мешіттердің тыныс-тіршілігі мен ішкі-сыртқы тәртіп мәселелері талқыланды.

Жиын соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына «30 игі шара» жобасы негізінде нақта тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру