Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Шаңғы теуіп, сынға түсті

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі 19.02.2020 2773 0 пікір
БҚО: Шаңғы теуіп, сынға түсті

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданындағы Ақсай қалалық мешітінің жамағаты арасында бірлікті, бауырмашылдық мен салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында «Қарашығанақ» спорт кешенінде шаңғымен сырғанаудан біріншілік өтті.

Жарыс ережесіне сай біріншілікке 40 жасқа дейінгі және одан жоғары жастағы 17 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 40 жасқа дейінгі жас аралығында І орынды И.Қошқарбаев жеңіп алса, ІІ орынды А.Досжанов иеленіп, ІІІ орынды Б.Хусаинов місе тұтты. Ал 40 жастан жоғарылар арасында І орынды А.Сисенов қанжығаласа, ІІ орын Д.Тайкенов, ІІІ орын Н.Манбетовке бұйырды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Ақсай» мәдени- бұқаралық ұлттық ат спорт кешенінің тиісті дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен және Ақсай мешітінің атынан сыйлықтармен марапатталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру