Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінде ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай қыз-келіншектер арасында 30 аяттан тұратын «Мүлік» сүресінен жарыс өтті.
Сайыстың ашылуында «Төлей ишан» мешітінің ұстазы Айгерім Шарханқызы сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, сайыс шарттарын түсіндірді. Жарыс үш кезеңнен тұрды. «Мүлік» сүресін жатқа айту, тәжуид ереже бойынша талдау және кез-келген аят оқылған кезде оны тоқтаған жерінен жалғастыру.
Үш кезеңде де табандылық танытып, жоғары нәтиже көрсеткен Нұргүл Саликова бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын Аружан Сәрсенбаеваға бұйырды. Ал Балмира Арзыханова үшінші орынды мәсе тұтып, барлық қатысушыларға арнайы диплом мен сыйлықтар табысталды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
19.02.2020
3053
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру