Екібастұз қалалық мешіті Сауат ашу курсының оқушы қыздары арасында Құран оқу байқауы өтті. Жарысқа жалпы саны 20 шәкірт қатысты.
Құран жарысы 10 сүре, 22 сүре, 30 сүрені жатқа мәнерлеп оқу секілді үш топ бойынша өтті. 30 сүрені оқуға екі шәкірт қатысып, екеуі де тең түскендіктен үздік деп танылып 1-орынға ие болды. Олар – Раяна Уримбаева және Мәриям Болатжанова.
22 сүре бойынша 1-орынға Айдана Сәтпаева, 2-орынға Аяулым Темірғали, 3-орынға Мәдина Темірғали лайық деп танылды. Ал 10 сүреден оқудан 1-орын Меруерт Омар, 2-орын Айсу Зинатова, 3-орынға Аружан Шиямина мен Жанбота Құрымбай ие болды.
Жарыс соңында марапаттау рәсімі өтіп, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Екібастұз орталық мешітінің баспасөз қызметі
18.02.2020
3135
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру