Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам дін қызметкерлерімен жүздесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 18.02.2020 2668 0 пікір
ШҚО: Бас имам дін қызметкерлерімен жүздесті

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы ШҚО «Зайсан аудандық мешітінде» ауданға қарасты мешіттердің имам-молдаларының жиынына қатысты.

Е.Қасболатұлы діни қызметкерлерге ауданның бас имамы қызметіне жаңадан тағайындалған Нұрболат Әметұлын таныстырып, іс-қызметіне табыс тілеп, бірлесе ынтымақта қызмет атқаруды тапсырды.

«Бүгінгі таңда діни қызметкерлердің алдында үлкен міндеттер тұр. Ең алдымен ұлтымыздың бірлігімен мемлекетіміздің тыныштығы басты назарда болуы тиіс. Сондықтан асыл дініміздегі бейбітшілікпен татулық, ынтымақ қағидасы кең көлемде насихатталуы керек. Сіздер ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, дәстүрлі ислам жайлы халықтың діни сауатылығын арттыру ісіне барынша назар аударуларыңыз керек» деген бас имам, ҚМДБ-дан берілген жоспар-тапсырмалардың орындалу барысы және өңірде биылғы іске асатын шаралар туралы айтып өтті.

Е.Қасболатұлы сонымен қатар, Абайдың 175 жылдығына орай Абай тағылымын насихаттау, ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай «30 игі бастама» жобасын жүзеге асыру туралы тапсырмаларды таныстырды.

Жиынға қатысушы ауыл молдалары өздерінің ой-пікір, ұсыныстарын ортаға салып, бастамаларын жеткізді. Бас имам аудан және ауыл имамдарына діни басқарманың алға қойған міндеттерін жүзеге асыру турасында нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру