Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. ҚМДБ-ның «Зекет» қорының атынан Өскемендегі тұрмысы төмен, мұқтаж 40 отбасыға көмек көрсетілді. Қайырымдылық шарасы ҚМДБ-ның 30 жылдығына арналды.
«Мұқтаж отбасыларға қол ұшын беру дінімізде аса сауапты амалдардың бірі болып есептеледі. Сол себепті тұрмысы төмен отбасыларға көмек ретінде азық-түлік қайырымдылығын жасап отырмыз. Бұл бағытта өңірдің «Зекет» қоры барлық мешітпен бірлесіп жүйелі шаралар атқарып келеді» деп атап өтті ҚМДБ Өскемен аймағының «Зекет» қоры бойынша жауапты қызметкері Аманбол Қуатұлы.
Ол сонымен қатар мұндай шаралар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті. Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар өкілдікке өз ризашылығын жеткізді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
18.02.2020
2657
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру