Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай-175: Білімді жастар топ жарды

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі 18.02.2020 2913 0 пікір
Абай-175: Білімді жастар топ жарды

Қостанай облысы Наурызым ауданы «Түркебай» мешітінің және аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ақынның қара сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқудан мектеп оқушылары арасында білім сайысы өтті.

Алдымен аудандық мешіттің бас имамы Есет Ғабдімәліков сөз алып, Абайдың өмір тарихына тоқталды. Жиналған жастарды терең білім алуға, еңбекқорлық, адалдық және діни сауатты болуға шақырды.

Сайыс қорытындысы бойынша қара сөз оқудан Алтынгүл Жомарт, Дильназ Серікова, Әйгерім Мұхтарова, Наргиз Каипова жүлдегер атанды. Сонымен қатар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша Аяжан Төлеубек, Диана Салықова, Медина Достиярова, Мәдина Байсейітова оқ бойы озық шықты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру