Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Шәкірттер қайырымдылық жасады

Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі 18.02.2020 2502 0 пікір
Павлодар: Шәкірттер қайырымдылық жасады

Қасиетті Құранда: «Алла Тағала жақсылық жасаушыларды жақсы көреді» делінген («Мәида» сүресі, 13-аят). Бірде Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Иә, Расулулла! Исламдағы ең жақсы амал қандай?» – деп сұрағанда: «Мұқтажды тамақтандыруың және танысаң да, танымасаңда кездескенмен сәлемдесуің», – деп жауап берген екен.

Осы аят пен хадиске амал еткен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің әйел жамағаты, ерікті шәкірттер қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіп көпбалалы, жетім-жесір алты отбасына ақшалай және азық-түлік көмегін жасады. Шәкірттер осылайша білім алып қана қоймай, білімдеріне амал етіп, мұқтаж мұсылман бауырларын қуантып Алланың разылығын үміт етіп қайтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру