Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Зайсан ауданының бас имамы тағайындалды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 17.02.2020 3730 0 пікір
ШҚО: Зайсан ауданының бас имамы тағайындалды

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында болды.

Сапар аясында Ермек Тасболатұлы әкімшілікте Зайсан ауданы әкімі Серік Ақтановпен кездесті. Ермек Қасболатұлы әкімге ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти хазіреттің бұйырығымен ауданның бас имамы болып тағайындалған Нұрболат Әметұлын таныстырды.

Ермек Қасболатұлы: «Зайсан ауданында өтетін рухани шараларға, ҚМДБ тапсырмаларының іске асуына Сіз әр уақыт көмек көрсетіп келесіз. Бұл дінімізге және ұлттық құндылықтарға деген үлкен жанашырлық. Өкілдіктен рухани жаңғыру аясында жат ағымдарға қарсы ұлттық құндылықтарды насихаттауға, асыл дініміздің рухани тағылымын танытуға басым назар аударып, халықтың діни сауаттануына барынша көңіл бөліп отырмыз» дей келе, осы бағыттағы ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Кездесу барысында аудан әкімі аудандағы діни ахуал туралы баяндады. С.Ақтанов:

«Ауданымызда діни ахуал тұрақты. Бұл саладағы мәселелерді мешітпен бірлесіп шешіп келеміз. Басты мақсатымыз еліміздің ішкі тұрақтылығының нығаюына үлес қосу. Дін саласындағы мемлекеттік саясаты нәтижелі жүзеге асыру біздің басты бағытымыз» деп айрықша атап өтіп, аудан көлемінде жүріліп жатқан рухани шараларға көңілі толатындығын жеткізді.

Аудан әкімі сонымен қатар жаңа тағайындалған бас имамға табыс тілеп, бастамаларының жүзеге асуына әркез қолдау көрсететіндігі айтып өтті. Ермек Қасболатұлы дінімізге жанашырлығы үшін аудан әкіміне алғыс білдірді.

Сондай-ақ Е.Қасболатұлы жаңа имамды Зайсан жамағатына таныстырып, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің тағайындау туралы бұйрығын оқып берді.

«Кері ағымдармен күресті пәрменді жүзеге асыру, халықтың діни сауаттылығын арттыру, асыл дініміздің жауһар құндылықтарын кең көлемде насихаттау барлық имамдардың негізгі міндеті ретінде күн тәртібінде тұр. Зайсан ауданы облысымыздағы ірі аудандардың бірі. Сондықтан басты бағыттарды мүлтіксіз жүзеге асыру үшін жаңа тағайындалған Нұрболат Әметұлына зор сенім жүктеп отырмыз» деді Е.Мұқатай.

Зайсан ауданы халқы атынан ақсақалды қариялар батасын беріп, жаңа имамның қызметіне табыс, жетістіктер тілеп, әрдайым қолдайтындықтарын риясыз көңілмен жеткізді.

Н.Жарасов – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі. Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Байтоғас ауылдық мешітінде бас имам болып нәтижелі қызмет атқарып келе жатқан білікті жас кадрлардың бірі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру