Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Орал қалалық «Тәжіден Батырұлы» мешітінің бас имамы қызметіне Руслан қажы Сұлтанов тағайындалды.
Жұма күні ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев Орал қалалық «Тәжіден Батырұлы» атындағы мешітінің жамағатымен кездесіп, мешіттің бас имамы қызметін абыроймен атқарып келген Мейрамбек Абдрахмановқа қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.
Облыс имамы Мұратбек Мұхтарханұлы Руслан Сұлтановты мешіт жамағатына жаңа имамды таныстырды. Жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Руслан Тыныштықұлы – Ақжайық өңірінің тумасы. Жоғары білімді, иманды азамат. Еңбек жолын Көкшетау қаласынан бастап, аталған мешіттің наиб және бас имам қызметін абырой атқарған. Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі, Дінтану ғылымдарының магистрі, бес жыл ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы болған. Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ- орталық аппараттағы Халықаралық қатынастар және хаттама бөлімінде маман қызметін атқарған.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
17.02.2020
4462
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру