Ұлы Абайдың 175 жылдығы және ҚМДБ-ның құрылғандығының 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық «Байжігіт баба» мешіті жамағат арасында «Рухани тұғырнаманы тани білейік» атты шығармашылық байқау жараиялаған еді. Сайыс қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталды.
Шығармашылық байқаудың ережесінде «Жеті рухани қазық» тұғырнамасындағы адами құндылықтарды шығармаға арқау ете отырып, терең талдау шарты қойылған болатын. Байқауға ауыл жастары белсенді қатысып,тұғырнаманың әр тарауы бойынша шығармалар жазылды. Осы негізде әр аталым бойынша жүлде тағайындалды. Сайысты қорытындылаған қазылар алқасы үздік шығармаларға жүлде тағайындады.
Шығармашылық байқау туралы «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов:
«Абай тойының қарсаңында біз адамгершілік құндылықтардың рухани тұғырнамасын халық арасында кең көлемде насихаттап отырмыз. Бұл байқау жастардың рухани тұғырнаманы тануына зор ықпал етіді. Сонымен қатар ҚМДБ-ның 30 жылдығына осы атаулы шараны арнап отырмыз» деп атап өтіп, жүлдегерлерге мешіт атынан сыйлық ұсынды.
Шараға қатысушылар байқаудың әділ, лайықты бағаланғандығын жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
17.02.2020
2967
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру