Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТРИПОЛИ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 17.02.2020 3195 0 пікір
ТРИПОЛИ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ (ФОТО)

Триполи университетінің ректоры (Ливан) доктор Рафат Мұхаммад Рашид әл-Миқати ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хатын жолдады.

«Құрметті Наурызбай қажы Тағанұлы! Сіздің Қазақстанның Бас мүфтиі лауазымына келуіңізді үлкен қуанышпен қабыл алдық. Осы ретте сізге деген шын жүректен құттықтауымызды білдіре отырып Алла Тағаладан мұндай аса жауапты қызметте жәрдемші болуын, өзіңізді елді игілікке жеткізетін істерге жетелеуін сұраймыз. Ислам діні мен мұсылман үмбеті үшін бірлесе жұмыс істей береміз деген үміттеміз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге табыс тілейміз» делінген құттықтау хатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру