Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Хамзат Қажымұратұлы жамағатпен жүздесті

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі 16.02.2020 3174 0 пікір
СҚО: Хамзат Қажымұратұлы жамағатпен жүздесті

ҚМДБ-ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы, Республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі Әділбек Хамзат Қажымұратұлы Солтүстік Қазақстан облысының орталығына екі күндік іс-сапары аясында ЕС 164\3 түзету мекемесіне ат басын тіреп, жазасын өтеушілермен кездесті.

Ал бұған дейін хабарлағанымыздай, Хамзат Қажымұратұлы жергілікті және аудан имамдарына «Діни уағыз жүргізу әдіснамасы» тақырыбында танымдық семинар өткізіп, уағыз айтудағы алғышарттар мен уағыз айтудың үлгілерін талқылаған еді.

Сондай-ақ, сапардың алғашқы күні Х.ӘДілбек Петропавл қалалық «Қызылжар» мешітінің жамағатымен кездесіп, көпшілікті әңгіме алаңына шақырды. Ал қасиетті жұмада «Мешіт - имандылық ұясы» тақырыбында уағыз жүргізіп, кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру