Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Оқушыларға рухани тұғырнама насихатталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 16.02.2020 2770 0 пікір
ШҚО: Оқушыларға рухани тұғырнама насихатталды

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінен жарияланған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттау жоспарының аясында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы «Маралды ауылдық мешітінің» бас имамы Дидаш Бақытбек Маралды ауылдық орта мектебінде болып, оқушылармен кездесті.

Бас имам  кездесуде мектеп оқушыларына ҚМДБ-ның «Жеті рухани қазық»   рухани тұғырнамасын таныстырды.

Ол: «Бұл құжатта адамгершілік құндылықтар жинақталған. Адам бойында табылуы тиіс басты жеті қасиетпен ерекшелік топтастырлыған. Бұл тұғырнама рухани бағыт-бағдар беретін басты құжаттың бірі» дей келе, тұғырнаманы жан жақты танып, зерттеп, игерудің маңызы жайлы айтып өтті.

Бас имам сонымен қатар оқушыларға  тұғырнамада көрсетілген басты құндылықтарды терең талдап, жеке-жеке талдап түсіндіріп берді.

Іс-шараға келіп, тұшымды насихат айтқаны үшін Д.Бақытбекке мектеп басшылығы алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру