Шымкент қалалық «Біләл» мешітінің бас имамы, Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі Еркебұлан Қарақұлов Талдықорған өңіріне сапары барысында бірнеше кездесу өткізді.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанындағы колледж тәлімгерлері, Жолдасбеков атындағы заң академиясы студенттері және Талдықорған қаласындағы №24 мектеп-лицейдің жоғары сыныбында оқитын қыз балалармен жүздесіп, әлеуметтік желілердегі діни ағымдардың тигізер қаупі, ұлт болашағы, дін және жастар танымы тақырыптарында әдемі әңгіме өрбітті. Сондай-ақ Еркебұлан Қарақұлов білім алудың маңызы, уақыттың қадірі, жастар тәрбиесі, ұлтжандылық, рухани тәрбие, қыз бала тәрбиесі және болашақ ұлт тәрбиесі туралы сөз қозғады. Жастар көкейде жүрген сұрағын қойып, тұщымды жауап алды.
Сонымен қатар, Еркебұлан Қарақұлов Талдықорғандағы «Иман» және «Нұр» мешіттерінің жамағатымен жүздесті. Талдықорғандағы түзету колониясына барып, жазасын өтеушілермен кездесті. Сондай-ақ облыстық «Жетісу» телеарнасының «Тұжырым» бағдарламасына қатысып, сұхбат берді. Бағдарламада қазіргі замандағы мұсылманның тұлғасы, жат ағымның сипаттары мен сақтану жолдары әңгімеге арқау болды.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі
15.02.2020
3589
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру