ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі басшысының орынбасары, РАНТ мүшесі Хасан Аманқұл Ақжайық өңіріне арнайы келді. Ол Орал орталық мешіті мен Тәжиден Батырұлы мешіттері жамағатына «Мұсылман қандай болуы керек?» деген тақырыпта уағыз айтты.
«Ислам – Алла Тағаланың адамзатқа жіберген ең соңғы діні, Құран ең соңғы кітабы, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең соңғы пайғамбары. Осыдан он төрт ғасыр бұрын Құран нұрынан нәр алған алғашқы мұсылмандар дереу надандық шекпенінен айрылып, ғылым-білімге жаппай ден қойды. Мұсылман табаны тиген жер сол мезетте тыныштық ордасына, ғылым-білім мекеніне айналды. Әлбетте бұл шынайы исламның көрінісі, шынайы мұсылмандардың бойынан байқалатын сипаттарын жеткізді. Ендеше, әрқашан Алла Тағаланы еске алып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) соңынан ерген қуанышта қуанып, қайғыда жәрдем, дінде тірек болатын ақыреттік шынайы дос бола білейік, мұсылман бауырлар!» деген Хасан Аманқұл баянды достыққа, адалдыққа, білім алуға шақырды.
Мешітке жиналғандар Хасан Ташайұлына шариғат және пәтуа бойынша сауал жолдап, тұшымды жауап алды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
15.02.2020
3308
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру