Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Жалынды жастармен жүздесті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 15.02.2020 2559 0 пікір
Қызылорда: Жалынды жастармен жүздесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Иманды ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында бірқатар оқу орындарының жастарымен кездесу өтті.

С.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы А.Жұбанов, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде «Сұлтан» мешітінің бас имамы Қ.Отызбаев, №261 мектепте «Ыбрайым молда» мешітінің бас имамы Т.Нұрман және Жастар ісі секторының үйлестірушісі С.Әбіл жастармен кездесті.

Олар Отанға сүйіспеншілік, ата-ананың разылығына жету, дінді дұрыс ұстану, айналасындағылармен көркем мәміледе болу, бос уақытты тиімді пайдалану жолдары, білім алу секілді тәрбиелік мәні бар мазмұнды тақырыптар төңірегінде уағыз-насихат айтты. Дін мамандары тарапынан өнегелі өсиеттер, ғибратты әңгімелер, өмірлік мысалдар келтіріліп, көкейде жүрген сұрақтарға тұщымды жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру