Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мақсат Қайырғалиев – Таразда

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 14.02.2020 2603 0 пікір
Мақсат Қайырғалиев – Таразда

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі Мақсат Қайырғалиев Жамбыл облысына іс-сапары аясында бірқатар кездесулер өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген білікті маман алдымен аймақтағы «Һибатулла Тарази» мешітінде жамағатпен жүздесіп, еркін тақырыпта уағыз жүргізді. Мақсат Қайырғалиев көпшіліктің сұранысы бойынша қоғамдағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатып, шариғи тұрғыдан кеңес айтты. Сондай-ақ жамағаттың көкейкесті сауалдарына жауап берілді.

Бұдан кейін РАНТ мүшесі «Һибатулла Тарази» медресесінің студенттерімен жүздесті. Мақсат Қайырғалиев көзі ашық, көкірегі ояу жастарды бей-жай қалдырмайтын, ой түйерлік сүбелі насихат айтты. Жастарға басынан өткен оқиғаларды айтып, дін жолындағы тәжірибесін бөлісті. Мотивация берерлік мағлұматтар айтылған жүздесуден шәкірттер мол азық алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру