Қаз Рус Qaz قاز

Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кесте бір жылға бір айға

Кесте бір жылға бір айға

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

 
Update Required To play the media you will need to either update your browser to a recent version or update your Flash plugin.

Қазір 02:26:18

27 Қазан 2026

16 Жұмадәл әууәл 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Қаз Рус Qaz قاز
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Пәтуалар
  • Сұрақ-жауап
  • Дәрістер
  • Жұма мінбері
  • Діни сенім
  • ҚМДБ
    • ҚМДБ
    • Бөлімдер
    • Облыс Бас имамдары
    • Ғұламалар кеңесі
    • РАНТ
    • Интерактивті карта
    • Оқу орындар
  • Барлығы
    • ҚМДБ зекет қоры
    • Аудио
    • Бейне
    • Суреттер
    • Кітапхана
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Дін қызметкері дүниеден өтті

Дін қызметкері дүниеден өтті

https://asyldin.kz/ 14.02.2020 3850 0 пікір
– | A | +
Дін қызметкері дүниеден өтті

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұл мен «Һибатулла Тарази» мешітінің имамдары дін жолында қызмет еткен молда Абдисатар Махкамұлының дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасына барып, көңіл айтты.

Асқа қатысып, Құран оқып, сауабын бағыштап, Алланың ақиқат жолына өмірін арнаған дін маманының отбасына, туыстарына, жақындарына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының көңіл айту жеделхатын жеткізді. 

«Жамбыл облысы Тараз қаласы «Миразиз» мешітінің молдасы, белгілі дін қызметкері Абдисатар Махкамұлының қазасы туралы қаралы хабар менің де қабырғамды қайыстырды. Жаратушы Иеміз Алла алдынан жарылқасын. Иманы саламат болғай. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан қайғыра көңіл айтамын. Абдисатар Махкамұлы Алланың берген өлшеулі өмірін имамдық қызметке арнады және елдің бірлігі мен игілігі жолында бар күш-жігерін жұмсады. Киелі Әулиеата өңірінде 20 жылдан астам уақыт аралығында Ислам дінін насихаттауда, мешітті көркейту жолында қажырлы еңбек етті. Ол асыл дініміздің жанашыры еді. Қызмет еткен жылдары халқына, жамағатына сыйлы болды. Алла Тағала құлшылық үстінде қаза болған Абдисатар ағамызды мейіріміне бөлеп, жанын жәннаттық еткей. Қазаның арты қайырлы болғай. Жаратқан Жаббар Иеміз артында қалған ұрпағына жар болсын!» делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Абдисатар Махкамұлы Тараз қаласындағы «Миразиз» мешітінің салынуына мұрындық болып, сол мешітте тапжылмай, 23 жыл бойы (1997 жылдан бері) имамдық қызмет атқарды. Қызмет еткен жылдары халқына, жамағатына сыйлы болып, талай шәкірт тәрбиелеп шығарды. Абдисатар ағамыз Алланың қалауымен жаназада уағыз айтып тұрған кезінде дүниеден өтті. Халықты намазға ұйытқан молданың жаназасына мыңдаған адам қатысты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Қостанай: Республика күніне орай рухани және спорттық шара өтті

26.10.2026 426
Қостанай: Республика күніне орай рухани және спорттық шара өтті

«Таза қазақстан»: Алматылықтар ағаш отырғызды

24.10.2026 453
«Таза қазақстан»: Алматылықтар ағаш отырғызды

Маңғыстауда берекелі басқосу өтті

24.10.2026 725
Маңғыстауда берекелі басқосу өтті

ҚМДБ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

24.10.2026 2070
ҚМДБ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Қызылордада алғаш рет халал өнімдер жәрмеңкесі өтті

24.10.2026 461
Қызылордада алғаш рет халал өнімдер жәрмеңкесі өтті

Атырау: 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

23.10.2026 550
Атырау: 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді


Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

www.muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

Байланыс

+7 7172 999 866

+7 7172 999 865

info@muftyat.kz

Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3