Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арман Қуанышбаев Бейнеуге барды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 13.02.2020 3640 0 пікір
Арман Қуанышбаев Бейнеуге барды

ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, елімізге белгілі дінтанушы ғалым Арман Қуанышбаев Маңғыстау облысына ат басын тіреді.

РАНТ мүшесі Бейнеу аудандық «Абыл» мәдениет үйінде аудан жастарына уағыз жүргізіп, ақшам намазынан соң мешіт жамағатымен жүздесті.

Кездесу соңында РАНТ мүшесіне жамағат тарапынан сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.

Айта кетейік, бекітілген жоспар бойынша ғалым Арман Қуанышбаев ақпан айының 13 күні сағат 15.00-де Жаңаөзен қаласындағы «Әбіш Қожа» мешітінің жамағатымен жүздесіп, кешкі сағат 19.00-де «Мұнайшы» мәдениет үйінде өтетін «Отбасым – бақыт мекенім» атты рухани кешке қатыспақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру