Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Д.Қонаев» мешіті ұйымдастырған игі шара

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 13.02.2020 2804 0 пікір
ШҚО: «Д.Қонаев» мешіті ұйымдастырған игі шара

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық «Д.Қонаев» мешіті «Балалар үйінің» тәрбиеленушілерін мешітке шақырып, игі шараға ұйытқы болды.

Аталған мешіттің наиб имамы Архат Бисаров:

«Жетім балаларға қуаныш сыйлап, олардың жүздерінен күлкі көрудің өзі адамды ерекше әсерге бөлейді. Біз мешіт тарапынан оларға үнемі көңіл бөліп келеміз. Бүгін жеткіншектерге мейірім шуағын сыйладық» деді.

Ол осындай игі шара әлі де ұйымдастырылатынын жеткізді. Іс-шара барысында тағдырдың тауқыметін ерте тартқан бүлдіршіндерге қазақ-орыс тілдерінде адамгершілік жайлы ғибрат айтылып, сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар оларға мешіт ұстаздары қызықты оқиғаларды әңгімелеп берді.

Балалар діни қызметкерлердің тағылымды шарасына риза болса, жарым көңіл жеткіншектерге мейірім шуағын сыйлаған «Д.Қонаев» мешітінің ұжымына «Балалар үйінің» басшылығы алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру