Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Мұңын ойла мұқтаждың

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 13.02.2020 2663 0 пікір
Қызылорда: Мұңын ойла мұқтаждың

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ-ның 30 жылдығының құрметіне қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру қолға алынып отыр.

Осы орайда, 2020 жылдың басынан бері Сыр мешіттері де «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» ұранымен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың мұңын шағып, мұқтаждықтарын өтеген еді.

Сандық көрсеткіштермен сөйлер болсақ, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен жыл басынан бері жалпы облыс бойынша 240 отбасыға азық-түлік, 210 келі ет, 15 отбасыға киім-кешек, 5 тонна көмір үлестіріліп, әртүрлі қажеттіліктері бойынша 600000 теңге қаржылай көмек көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру