Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам институтында халал тақырыбында дәріс оқылды

Халал өнімдерін сертификаттау бөлімі 12.02.2020 2863 0 пікір
Ислам институтында халал тақырыбында дәріс оқылды

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Маратхан Чадаев Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында дәріс оқыды.

Әр өңірден жиналған имамдарға арналған халал тақырыбында өткізілген семинарда «Халал Даму» ЖШС-ның қызметі, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жасалынған 3 стандарты, мекемелерді сертификаттауда қойылатын талаптар, ай сайын тұрақты бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі жөнінде жалпы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, «Е тағамдық қоспалар», халал өнімдер технологиясындағы өзгешеліктер мен ерекшеліктер, шариғат талабына сай өнім өндіру мен тұтынудың өміріміз бен құлшылығымызға тигізер пайдасы жөнінде айтылды. Сондай-ақ қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру