Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Наиб имам әйел жамағатына уағыз айтты

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 11.02.2020 3125 0 пікір
Қостанай: Наиб имам әйел жамағатына уағыз айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі тапсырмалары аясында еліміздің барлық мешіттерінде тұрақты уағыз-насихат жүргізіліп тұрады.

Осы орайда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде бесін-ақшам уақыттарында және де халықтың сұранысы бойынша да өзекті тақырыпқа арналған басқосулар да ұйымдастырылып жүр.

Жақында әйел-қыздар жамағатының өтінішімен кезекті уағыз өтті. Бұл кездесуде наиб имам Бақберсін Ізбасаров «Жұмақтың кілті – намаз» тақырыбында уағыз айтты. Оған 30-дан астам әйел қатысса, наиб имам намаздың маңыздылығы жайында баяндай келіп, қойылған сұрақтарға тиянақты жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру