Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оқушылар «Қызылжар» мешітінің наиб имамымен кездесті

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі 11.02.2020 3693 0 пікір
Оқушылар «Қызылжар» мешітінің наиб имамымен кездесті

Мектеп шәкірттері теріс діни ағымдар жайлы не білуі керек? Елімізде тыйым салынған діни ұйымдар қандай? Олардың дәстүрлі діннен қандай өзгешеліктері бар? Осындай сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіту мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы, жастар ісі секторының меңгерушісі Аян Алыпқашев Жұмабек Тәшенов атындағы қалалық №20 орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.

Наиб имам Қазақстандағы саны жиырмаға жуық тыйым салынған ұйымдардың әрқайсысына тоқталып, олардың өзіндік ерекшеліктері жайында айтып берді. Деструктивті діни ағымдар белең алған кезеңде жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы аса зор деген мектеп қонағы оқушылармен кездесу әлі де жалғасын табатынын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру