ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігі қала, аудан, ауыл мешіті жамағаты арасында волейболдан облыс біріншілігін ұйымдастырды.
ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай «30 игі шара» акциясы аясында ұйымдастырлған бұл жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жамағаттың бірлігін арттыру, толеранттылық қалыптастыру.
Сайысқа арнайы келген ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша бас имамы Жолдас Қоспақұлы және облыстық діни істер басқармасының басшысы Закарьянов Дәулет сөз сөйлеп 16 командаға сәттілік тіледі.
Жарысқа барлық аудан, қала мешіттерінің командасы қатысып, бақ сынады. Ойындар тартысты өтуімен есте қалды.
Нәтижесінде Ақсу қалалық мешітінің командасы бас жүлдені иеленсе, Железин, Шарбақты ауданы командалары қалған жүлделі екі орынға лайық екенін көрсетті. Жүлде алғандарға арнайы марапат хаттар, кубок табыс етілді.
Осы жарыстан жақсы әсер алып, шеберлігін шыңдаған жамағат командалары алдағы уақытта спорттық іс-шараларға жүйелі түрде белсене қатысуға ықылас танытты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
10.02.2020
2887
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру