Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Имамдарға сертификат табысталды (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 10.02.2020 3257 0 пікір
Шымкент: Имамдарға сертификат табысталды (ФОТО)

 

Бүгін Шымкент қаласы орталық мешіті жанындағы «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің ғимаратында имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған «Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығында» бірқатар дін қызметкеріне сертификат табыс етілді.

Аталмыш орталықта 6 күн бойы «Құран Кәрім», «Ақида», «Хадис ілімі» және «Шариғат үкімдері» пәндерінен дәріс жүргізілді. 

«Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығының» жетекшісі әрі«Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің директоры Мұхамеджан Естеміров кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған  курстан өткен барлық имамға арнайы сертификат табыс етті.

Өз кезегінде курстан өткен дін қызметкерлері 6 күндік оқыту шарасын ұйымдастырған орталық жетекшілеріне алғысын білдірді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру