Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Жарма ауданының мешіті спорт сайысын өткізді

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 10.02.2020 4080 0 пікір
Семей: Жарма ауданының мешіті спорт сайысын өткізді

Семей өңірінде еріктілер жылына орай Жарма ауданы мешіті және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан ашық аудандық жарыс өтті.

Аталмыш іс-шараны құттықтау сөзбен Жарма ауданы мешітінің наиб имамы Абдусамат Тойқылды ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа барлығы 5 команда қатысты. Олар – Қалбатау, Шар, Жарық, Ақжал ауылдық округтер командасы мен 2544 әскери бөлімі.

Жарыстың нәтижесі бойынша Қалбатау ауылдық округінің командасы қарсылас шыдатпай жеңімпаз атанса, ІІ орынды Шар қаласының және ІІІ орынды Ақжал ауылдық округінің командалары еншілеп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру