Қостанай облысы, Амангелді ауданының бас имамы Жандарбек Әмірхамзин жұртшылық арасында діни тақырыпқа байланысты маңызды басқосулар өткізуді дәстүрге айналдырған.
Бұл ауданда Б.Қолдаспаев орта мектебі талай дарынды түлектер ұшырған алтын ұя саналады. Бас имамның осы оқу орнында оқушылармен болған жүздесуде «Білімді ұрпақ – ел болашағы» деген маңызды тақырыптағы әңгіме өрбітуі оларды ерекше әсерге қалдырды.
Сонымен қатар Жандарбек Мүбаракұлы аудан маңындағы Үрпек ауылының «Жаңауыл» орта мектебінде ұстаздар және шәкірттермен жүздесіп, «Ислам терроризмді жақтамайды және Исламның күнделікті өміріміздегі орны» тақырыпта әңгіме өрбітсе, қатысушылар көп жайды көңілдеріне түйіп қайтты.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
09.02.2020
3206
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру