Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: «Нұр-Мүбарак» ректоры мұражайда

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 09.02.2020 2839 0 пікір
Өскемен: «Нұр-Мүбарак» ректоры мұражайда

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид әл-Жинди Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ашылған «Ислам мәдениеті және ұлттық дәстүр» мұражайымен танысты.

Құрметті мейманды «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Қанат Дауылбаев қарсы алып, мұражайды аралатты. Ректор мырза «Халифа Алтай» мешітінің тарихынан және мұражайдың құрылуы жайлы сұрақтарын қойып, емен-жарқын әңгіме өрбітті.

Құрметті қонақ әрбір жәдігерге тоқталып, әсіресе әлемнің Кембридж және Сүлеймение қатарлы әлемдік жетекші кітапханаларынан әкелінген сирек қолжазбаларды тамашалады. Ол сонымен қатар қазақтың киіз үйімен тұрмыстық бұйымдары және салт-санасы жайлы әңгімелесті.

Наиб имам: «Бұл мұражай облыс әкімінің бастамасымен ашылды. Мұнда түркі мәдениетімен исламның даму кезеңінің тарихынан сыр шертетін мұралар қойылған. Рухани жаңғыру аясында ұлтымыздың тарихын түгендеп, ұлағатты мұрамызды насихаттаудың маңызы ерекше» деп атап өтті.

Профессор, Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид ал-Жинди мырза ислам әлемінің құндылықтарын түгендеген осынау мұражайда болғандығына қуанышты екендігін айта келе, мұражайдан көптеген тың мағлұмат алғандығын жеткізіп, мешіт ұжымына шын ниетпен алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру