Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Ерікті жастар орталық мешітте бас қосты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 09.02.2020 3155 0 пікір
Қызылорда: Ерікті жастар орталық мешітте бас қосты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторы және облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студент жастармен кездесу өтті.

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің кітапханасында ерікті жастармен өткен еркін форматтағы сұхбаттасу алаңында мешіттің наиб имамы А.Жұбанов пен облыстық "Жастар ісі" секторының жетекшісі С.Әбіл саңлақ саһабалардың өмір-тарихынан мысалдар келтіре отырып, «ата-ана разылығына қол жеткізу», «ұстазға құрмет көрсету», «уақытты тиімді пайдалану», «қоғамға пайдалы болу», «жастық шақтың қадірі» жайлы насихат айтты.

Сахабалар өмірінен алынған өнегелі өсиетпен басталған игі шара ерікті жастардың бас мешіттегі тазалық жұмыстарына атсалысуымен жалғасты. «Qazvolunteer» жобасы аясында келген «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының белсенді білімгерлеріне сауапты амалдары үшін ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру