Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Нұр-Сұлтан қаласы «Астана» медресе-колледжінің шәкірттерімен жүздесіп, сұхбат құрды.
«Білім алып, ғылым игеру асқан сабырлылық пен ынта-ықыласты қажет етеді. Руханият қызметшісі болуды мақсат еткендіктен, осы жолда талмай-тынбай еңбек етіп, тер төгуіңіз керек. Сіздердің міндеттеріңіз – қазақ халқының тарихымен сабақтас ислам діні құндылықтарын насихат етіп, ел руханиятын көтеру» деді Ә.Ізімбайұлы.
Асыл дініміздің көкжиегін кеңейтіп, дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттау үшін шәкірттерге жүктелер міндет пен абыройдың да салмағы ауыр екенін айтып, ел мен жерге қалтқысыз қызмет қылуға үндеді.
Сондай-ақ, қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша «Астана» медресе-колледжінде білім алып жатқан шәкірттермен арнайы кездесіп, жас мамандарды Маңғыстау өңіріне еңбек етуге шақырды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
07.02.2020
3462
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру